Ару Академиясы? Елең етсеңіз, түсіндірем.
Мектептегі қызыл аттестат, универдегі қызыл диплом, жұмысымдағы бедел. Бұның бәрі де Ана болуға жарамады. Мінсіз әйел бейнесінің күлі көкке ұшты. Өте сұсты ақырған қатын болдым.
Тұңғышым ақымақтығымның зардабын тартты, қайтсем жақсы ана болам деп басым қатты. Кеш болмай қамданып, ана академиясын іздеп сандалдым. Жылдар бойы ізденіс, шетелдік курстар, коуч, психологтардың сабағы.
Нәтижесінде сұсты Арудың орнын адекват, сабырлы, күшті Ару басты. Балаларыммен қарым – қатынасым реттелді, қателіктер түзеліп, зерттелді.
Халықаралық дәрежедегі
сертификатталған коуч
10 жасқа дейінгі балалар маманы
Инстаграмда блогер
Мектеп пен Универ жақсы жар, ана болуды үйретпейді. Ару Академиясы осы олқылықтың орнын толтыру үшін ашылды.
Бақытты бала тәрбиелеудің дайын формуласы бар. Ол мейірім мен тәртіптің нақты мөлшерін білу.
Ару Академиясы – ата-ана мен бала арасындағы көпір. Байланысты көркем қарым – қатынасқа айналдырып, проблеманы шешетін жер.
Ғылыми ақпарат пен шариғат аясындағы білім, қарапайым әйел тілінде түсіндіріледі.
Егер сіз жаңа салада білім алғыңыз келсе, біздің үлкен бағдарламаларды қараңыз. Олардың көмегімен сіз дағдыларды дамыта аласыз, оларды іс жүзінде шыңдай аласыз.